Infographic Template Galleries

Created with Fabric.js 1.4.5 Мемлекеттік орган өкілдері арасында эксперттік сұхбат МӘТ жүзеге асыру барысындағы мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасында қарым-қатынас құру бойынша кездесетін қиындықтар - Әлеуметтік тапсырыс байқауын өткізу мерзімі әлеуметтік жобалардың сапасына әсерін тигізеді;- Лот тақырыптары "жоғарыдан" түсіріледі, аймақтың қажеттіліктері мен проблемалары ескерілмейді;- Лот тақырыптарын "жоғарымен" келісу және бекіту процедураларының көп уақыт алуы байқауды жариялау мерзіміне әсер етеді; - Байқау жеңімпаздарын анықтау орындаушының ұсынған бағасына сәйкес жүргізілуі;- Мемлекеттік органдардың әлеуметтік тапсырыс байқауын өткізу бойынша тәжірибесінің жоқтығы - Байқау құжаттамасын жетілдіру қажет;- Жобалардың жүзесе асырылуына және нәтижелеріне мониторинг пен бағалау жүргізу механизмдерінің жоқтығы;- Мемлекеттік органдардағы кадрлардың тұрақтамауы;- Орындаушылар тарапынан ұсынылатын демпинг бағалары жобалардың сапасы мен нәтижелеріне әсер етеді;- Салалық басқармаларда ҮЕҰ байланыс бойынша жауапты мамандардың/ бөлімдердің жоқтығы; - ҮЕҰмен жұмыс жасау бойынша басшылыққа алынатын нұсқаулықтың жоқтығы; - ҮЕҰ есептерінің сапасының төмендігі (уақытында тапсырмайды, аналитикалық талдаулары жоқ және т.б.);- Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ МӘТ жүзеге асыру бойынша арнайы оқытулардың жоқтығы;- ҮЕҰ кәсіби біліктілік деңгейінің төмендігі;- МӘТ-қа қатысу бойынша ҮЕҰ әлеуетін арттыру жұмыстарымен жүйелі тұрде айналысатын ресурс орталығының жоқтығы. - ҮЕҰ-мен жұмыс жасау бойынша басшылыққа алынатын нұсқаулық жасақтау қажет;- Лот тақырыптарын бекіту барысында аймақтың басымды проблемалар қажеттіліктерінің бағалау нәтижесін ескеру қажет; - Мемлекеттік органдар мен тұрғындарды ҮЕҰ-дың қызметі туралы кеңінен ақпараттандыру қажет;- МӘТ жүзеге асырылуының тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және БАҚ өкілдеріне оқытулар ұйымдастыру қажет; - Жыл сайын келісім шарттың мерізімін ұзарту және жоба нәтижесіне мониторинг жүргізу келісімімен ұзақ мерзімді, 3 жылдық жобаларды қаржыландыруды тәжірибеге енгізу қажет; - Жобалардың жүзесе асырылуына және нәтижелеріне мониторинг пен бағалау жүргізу механизмдерін енгізу қажет;- Қоғамдық кеңес отырыстарында МӘТ лот тақырыптарын және ҮЕҰ шығармашылық есептің бірегей формасын бекіту қажет. Ұсыныстар «ҮЕҰ әлеуметтік тапсырыс бойынша есеп берудің бірегей формасының жоқтығы олардың есептеріне анализ жасау қиындық туғызады. Есептер көбіне фотосурет және қысқа ақпараттан тұрады, жобаны жүзеге асыру барысындағы "қиындықтар" мен "табыстар" туралы ақпарат жоқ» "Жобалардың жүзесе асырылуынажәне нәтижелеріне мониторинг пенбағалау жүргізу механизмдерінің жоқтығы жоспарланған нәтижелердіқол жеткізген нәтижелермен салыстыруға және жобаның тиімдінемесе тиімді еместігін анықтауға қиындық туғызады" «Жобаларды жүзеге асыру уақыты көбіне 6-8 ай. Мұндай жағдай үздіксіз жұмыс жасайтын дағдарыс орталықтарының, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орталықтардың, ресурс орталықтарының жұмысын жүргізетін ҮЕҰ қиындық туғызып отыр. Осындай жобалар қысқа емес, ұзақ мерзімді болуы қажет , оларға кем дегенде 3 жылдық қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру қажет" Эксперттердің пікірлері:
Create Your Free Infographic!