Infographic Template Galleries

Created with Fabric.js 1.4.5 Мемлекеттік органдардың ҮЕҰ қарым-қатынас деңгейін бағалау Сауалнама нәтижелері 30B Зерттеу сұрақтары: 1. ҮЕҰ қызметі туралы түсінік; 2. ҮЕҰ қаржыландырылуы; 3. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы қарым-қатынас жағдайы мен механизмдері;4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы ҮЕҰ есеп беруі;5. МӘТ жүзеге асырудағы кездесетін проблемалар;6. МӘТ жүзеге асыруын жақсарту бойынша ұсыныстар;7. Аймақта ҮЕҰ дамыту мәселелері Мемлекеттік органдар өкілдері қарым-қатынастың келесі түрлерін пайдаланады: дөңгелек үстелдер, кездесулер, қоғамдық тыңдаулар, сұхбат алаңдары; Респонденттердің жартысынан көбі, 57,2% оларда ҮЕҰ мәліметтер базасының жоқтығын айтқан; 61% ҮЕҰ қызметі мемлкеттік тарапынан қаржыладырылуы керек деп есептейді; 79% бюджеттің қаражаты қалай жұмсалып жатқаны қызықтыратынын және ҮЕҰ есептерін оқитынын айтып, бірақ есептерде көрсетілген ұсыныстардың барлығын ескеріп қолданбайтынын да атап өткен, себептерін былай түсіндірген: ұсыныстардың көбі негізделмеген, апробациядан өтпеген. 86% ҮЕҰшығармашылық есеп беру үшін арнайы бірегей формасының жоқтығын атап өткен. 58,2% лот тақырыптарын тапсырыс беруші немесе қоғамдық кеңес отырысында бекітілетіндігін айтқан. Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі соңғы жылдары аймақта ҮЕҰ дамып келе жатқанын атап, бірақ әлі де белгілі бір қиындықтармен кездесіп отырғанын көрсеткен. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруда кездесетін проблемалар: - Көбіне МӘТ бойынша байқаулар жылдың екінші жартысында немесе аяғында өткізілетіндігі жүзеге асырылатын жобалардың сапасына әсер етеді;- МӘТ жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арналған білімін арттыру шараларының жоқтығы - МӘТ жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ тәжірибесінің жеткіліксіздігі - ҮЕҰ келісім шарттың талаптарын орындамауы ( есептердіуақытылы тапсырмайды, шараларының сапасы төмен, кәсіби мамандарының жоқтығы және т.б.);- Жобаларды жүзеге асыру барысына және нәтижелеріне мониторинг жүргізу механизмдерінің жоқтығы;- Жобаларды жүзеге асыруға уақыттың жеткіліксіздігі;- МӘТ жүзеге асырушы ҮЕҰ қызметінің жеткіліксіз насихатталуы. Мемлекеттік орган өкілдері арасында сауалнама жүргізу
Create Your Free Infographic!